Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Петропавлдағы жылу электр орталығына қатысты тағы бір бейнежазба тарап кетті. Оған зер салсақ, нысанның төбесінен бұрқырап бу шығып жатқанын байқауға болады. Бұл жұртшылықтың көкейінде небір сұрақтар тудырғаны жасырын емес. Аталған мәселеге қатысты «Севказэнерго» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Бұл құбылыс жылу электр орталығының жұмыс процесі үшін қалыпты жағдай екенін жеткізгіміз келеді. Буланудың басты себебі – станцияда қазандықтар еріп, құрылғыларды баптау жұмысы жүргізіледі. Өнеркәсіптік бу арнайы қондырғылар арқылы жоғары қысыммен атмосфераға шығарылады, өйткені ол технологиялық процесте қолдануға жарамсыз. Өткен демалыс күндері сыртқы ауа температурасы төмен болғанын атап өткім келеді, сондықтан будың шығуы да ерекше байқалды, – делінген хабарламада.