Берік Уәли «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Авторы: Qyzyljar News

«Хабар» агенттігі» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметіне Берік Уәли тағайындалды. Осы күнге дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Берік Уәли 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары «Хабар» агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-ның журналисті, ақпараттық бағдарламалардың редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-ның жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі болып қызмет етті.

2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы болды.

2015-2016 жылдары «Amanat» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды.

Ал 2016 мен 2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры болып еңбек етті.

2018-2019 жылға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2019 жылдың наурызында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Берік Уәли «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері екенін де атап өту керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz