Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға өзгерістер енгізу жоспарланып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлібек Қуантыровтың сөзінше, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту бойынша 3 іс-шара қолға алынады. Журналистикаға қатысты заңды қайта қарау барысында мемлекет мүдделері мен қоғам сұраныстары, сондай-ақ медиа-саланың даму үрдістері ескеріледі.
– Реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен сарапшыларды тартуға бағытталған мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын күшейту жөніндегі тәсілдер дайындалады, – деді Әлібек Қуантыров.