Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері аулаларға балалар ойын алаңын орнату үшін қайда жүгіну қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бөлім мамандары балалар алаңқайын орнату үшін өтініш берудің бірнеше жолы барын ескертеді:
— «Народный контроль» порталы;
— «Eotinish.kz» сайты;
— Қалалық әкімдік, 6 терезе арқылы.
Көктемгі уақытта бөлім мамандары аулаларды аралап, балалар алаңқайын орнату мүмкіндігін тексеріп, кезекке қояды. 2022 жылға арналған кезек Петропавл қаласы әкімінің ресми сайтына жарияланады, – деді бөлім мамандары.
Былтыр қаладағы 60 аулаға ұл-қыздарға арналған ойын алаңқайы орнатылды. Үстіміздегі жылы 87 ауланы жабдықтау жоспарланып отыр.