Наурыздың 27-29 аралығында Қарағанды қаласында қазақ күресінен ересектер арасында «Сарыарқа батырлары» атты республикалық турнир өтті. Дәстүрлі додада солтүстікқазақстандық Батырхан Қайырбек қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, үздік атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қызылжар арландары» спорт клубының өкілі боз кілемде 74 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Батырхан барлық қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, 150 мың теңгенің сертификатына ие болды. Сонымен қатар, жерлесімізге кубок пен медаль табысталды.
«Қызылжар арландары» спорт клубының бас бапкері Төлеген Жетпісбаев та құр қол қайтқан жоқ. Оған 100 мың теңгенің сертификаты берілді.
Республикалық турнирге 9 солтүстікқазақстандық қатысты.