Солтүстік Қазақстан облысының шекарашылары дизель отынын Ресейге шығармақшы болған ер адамды тоқтатты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, «Жаңажол» автоөткізу бекетінде ведомство қызметкерлері Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасымен бірлесіп шекара арқылы 500 литр дизель отынын тасымалдау әрекетін тоқтатқан.
-Қазақстан азаматы «Мерседес» автокөлігімен Ресейге бет алған. Оны шекарадан өткізбей, ел аумағына кері қайтарған. 2021 жылдың 21 қарашасынан бастап елімізде бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін республика аумағынан автомобиль көлігімен шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.