Петропавлда білім саласында қандай әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр?

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жүзеге асырып жатқан білім беру саласындағы әлеуметтік жобалар туралы айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиында студентерге арналған жатақханалар салу және реконструкциялау, жекеменшік мектептер салу және реконструкциялау, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі («Aqyl» білім беру депозиті), мемлекеттік білім беру кредиті тақырыптары қозғалды.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің мамандары жергілікті кәсіпкерлермен әріптестік орнатуға дайын екендерін айтты.

– Біз инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттерге арналған жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Бұл процеске кезекті әлеуметтік объектіні тұрғызу ретінде емес, табысты, тұрақты және келешегі мол бизнес-жоба ретінде әлдеқайда ауқымды қарауды ұсынамын, – деді «Қаржы орталығы» ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің менеджері Әйгерім Асанова.

Спикерлердің айтуынша, бұл мақсатта республикалық бюджеттен 152 млрд.теңге бөлу көзделген. Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Жалғыз шарт 20 жылға дейін нысанның мақсатын өзгертуге болмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz