Петропавл жылу-электр орталығында тағы бір технологиялық қиындық туындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, күлшығарғыш 20-шы наурызда мұржаның құлауы салдарынан сынған.
– Энергетиктер №1 түтін мұржасындағы апат салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жұмыспен жөндеу бригадалары айналысаып жатыр. Мұржа құлағанда оның астында орналасқан күлшығарғыш жұмысы тоқтатылған болатын. Басқа желілер істеп тұрғандықтан біреуін тоқтатқан, енді тағы біреуі істен шығып отыр, наурыздың 31-іне дейін қалпына келтіріледі, – деп хабарлады баспасөз қызметі.