Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 11 адам жолда қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

Облыс полицейлерінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Апат салдарынан 11 адам қаза тауып, 50-і түрлі дене жарақатын алған.

– Жүргізушілер жылдамдық режімін сақтауы қажет. Көліктердің арасындағы арақашықтықты сақтаған және маневр жасаған кезде абай болған жөн. Көктайғақтың жаяу жүргіншілер үшін де қаупі жоғары. Жолдың рұқсат етілмеген жерлерінен өтпеген жөн. Өйткені көлік жүргізушісі байқамай қалуы мүмкін, – дейді полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ, полицейлер синоптиктер мен төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің ауа райы жайлы ескертулеріне назар аударуға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz