Былтырғы қала бюджеті 62,9 млрд теңгені құрады. Жекелей тоқталсақ, өткен жылы салық, басқа да міндетті төлемдер түрінде жергілікті бюджетке 44,1 млрд. теңге түсті. Оның 19,5 миллиарды — облыстық бюджетке, 24,6 миллиарды -қалалық бюджетке, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық бюджетке түсетін сома 2020 жылмен салыстырғанда 6,9 млрд теңгеге немесе 40% -ға өскен.
Петропавл қаласынан республикалық бюджетке 36,8 млрд. теңге сомасында салық түсімі түсті. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 2,4 млрд. теңгеге немесе 6 % — ға көп.
Ал биылға бекітілген қалалық бюджет 51,9 млрд. теңгені, нақтыланған бюджет — 59,8 млрд. теңгені құрап отыр.