Әскерилер Петропавлдағы оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне ерлік сабағын өткізді

Авторы: Qyzyljar News

Қорғаныс министрлігі Бас штабының ақпараттық-түсіндіру тобы облысқа Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуы қарсаңында келді. Мамандар қорғаныс ведомоствосы өкілдерімен кездесіп, ерлік сабақтарын өткізді. Аталған іс-шараларға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бас штабтың ақпараттық-түсіндіру тобы «Күшіміз – бірлікте», «Айбынды әскер» атты әскери-патриоттық акциялар аясында жастардың бойында патриоттық сезімді ояту мақсатында түрлі жиындар өткізді.
Алдымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Отан үшін қасық қаны қалғанша күрескен ата-бабаларымыздың рухтарына тағзым етті. Сонымен қатар, Қарулы Күштердің әлеуетін көрсететін көрме де ұйымдастырылды. Шара соңы Қорғаныс министрлігі орталық ансамблі ұжымының патриоттық концертімен аяқталды. Ақпараттық-түсіндіру тобы мұндай кездесулердің республиканың басқа да облыстарында өткізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz