Петропавл 2-ЖЭО жөндеу үшін 18 млрд теңге керек

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Ілиясовтың сөзінше, осыдан 61 жыл бұрын салынған жылу электр орталығы 60%-ға тозған. Станциядағы кейбір қазандық агрегаттары мен турбоагрегаттар тіптен ескірген. Көптің талқысында жүрген жылу электр орталығының мәселесі облыстық қоғамдық кеңесте қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-2020-2021 жылғы жылыту маусымында 13 технологиялық олқылық тіркелсе, биылғы жылыту маусымында олардың саны 39-ға жетті. Ол облысты жылу және электр қуатымен қамту сапасына әсер еткені сөзсіз. Наурыздың 20-сында Петропавлдағы жылу электр орталығындағы мұржа опырылып түскенін баршамыз білеміз. Бүгінде уақытта тергеу органдары мұржаның неліктен құлағанын анықтауда. «СевКазЭнерго» АҚ орталықтың жұмысын қалпына келтіру үшін Жол картасын жасады,-деді Бақыт Ілиясов.

Сәуірдің 15-і құлаған мұржаны бұзу жұмыстары басталады. Одан кейін орнына жаңасын салу үшін жоба әзірленеді. Жалпы, биылғы жылыту маусымында орталықта 5 бірдей апат орын алып, 12 қазандық агрегатының тек санаулысы ғана жұмыс істеген кездер де болған. Бақыт Ілиясовтың айтуынша, халықты жылумен қамтамасыз ету үшін 9 қазандық агрегаты мен 6 турбоагрегат жұмыс істеуі қажет.

-Жылу-электр орталығындағы қондырғылар ескірген. Кәсіпорынға кезең-кезеңмен жаңғырту жүргізу керек. Қазір болжам бойынша орталықты қалыпқа келтіру үшін 17,9 млрд теңге қажет, — деді Солтүстік Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов.

Бұл ретте облыстық қоғамдық кеңес мүшелері жөндеу жұмыстарымен айналысып, қыруар қаржыны шығындағаннан гөрі жаңа жылу электр орталығын салған қалай болады деген сұрақтарын да қойды. Бірақ тұшымды жауап болған жоқ.
Көрсетілетін қызметтер үшін тариф құны өсетіні әлде сол күйі қалатыны әлі белгісіз. Бақыт Ілиясовтың айтуына қарағанда, бұл сұрақтың жауабы » Севказэнерго » АҚ жаңарту жұмыстарына бөлінетін қаражатқа байланысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz