Партия өкілдері алғашқы қабылдауын Аққайың ауданында өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясының өңірлік филиалы басшылығы, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары мен атқарушы органдардың басшылары Трудовое, Кенжеғалы және Ивановка ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
«Біздің міндетіміз — азаматтардың сұрақтарын жергілікті жерде, дайындықсыз тыңдау. Бұл бастама туралы партияның соңғы съезінде айтылды. Көптеген тұрғындар облыстық басқармалардың басшылығына тікелей жүгіне алмайды, бізге келуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан оларға бару, проблемаларды білу туралы шешім қабылданды. Қандай проблемалар болмасын, бастысы — тыңдау және шешуге көмектесу», — деді «AMANAT» партиясы аймақтық филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметова.
Ауыл тұрғындарының көпшілігі абаттандыру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері толғандырып отыр. Олар жолдар мен ғимараттарды жөндеу, жарықтандыру, сумен жабдықтау, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы түйткілді сұрақтарды көтерді. Партиялықтар барлық мәселелерді уәкілетті тұлғаларға жеткізіп, шешілуіне көмектесуге уәде берді. Сондай-ақ , жер пайларын төлеу мәселесін де бақылауға алды.
Жалпы, азаматтарды мобильді қабылдау барысында 24 азамат жүгінді. Мәселелердің шешілу барысы олардың әрқайсысына хабарласатын болады.