Экология министрі СҚО-да болды: өңірдің экологиялық проблемаларын шешу жолдары айтылды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанның экология министрі жұмыс сапары барысында Петропавлдағы жылу электр орталығы энергетикалық кешенінің және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, өңірдің экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланған кеңеске де қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Серікқали Брекешев жолдар мен объектілер салу кезінде өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану мәселесін қарастыруды тапсырды. Әрі тиісті мамандарға 1 сәуірге дейін қалалық кәріздік тазалау құрылғыларын реконструкциялау жөнінде шаралар қабылдау және мониторингтің автоматты жүйесін енгізуге тапсырма берді. Бұдан бөлек, министр қалалық тұрмыстық қалдықтар полигонында өртті болдырмау, кейіннен рекультивациялау және жаңа полигон салу бойынша іс-шаралар әзірлеу қажеттігін айтты.

-Кеңес барысында облыста 456 қалдықтарды орналастыру объектісі бар екендігі, оның 16-сы ғана рұқсат беру құжаттамасына ие екендігі атап өтілді. Алайда, олар санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан Министр нысандарды қалпына келтіруді, оңтайландыруды және заңдастыруды, сондай-ақ, «Қазақстан Ғарыш Сапарының» және басқа да деректерге сәйкес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін 100% жоюды тапсырды,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өңірде «СҚО-ның 2020-2025 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасы» бекітілгені мәлім. Құжат атмосфераға ластаушы заттар эмиссиясын қысқартуды, көгалдандыру мен абаттандыруды, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингті, қалдықтарды басқаруды, радиоактивті ластануды, жер қойнауын пайдалануды және т.б. көздейді. Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасына облыстағы экологиялық ахуалды жақсарту бойынша қосымша іс-шараларды енгізу тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz