СҚО-да қалдықты қалай кәдеге жаратады?

Авторы: Qyzyljar News

Қазіргі таңда Петропавлда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеумен жеті кәсіпорын айналысады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі .

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, облыс бойынша қоқысты бөлек жинау үшін 1 154 контейнер орнатылды. Петропавлда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда макулатура жинау үшін — 800 экобокс, істен шыққан электрондық және электр жабдықтарына арнайы 5 контейнер қойылды.
Петропавлда қайталама шикізатты қабылдайтын 8 пункт және бір мобильді «Eco-car» пункті ұйымдастырылды. Қызылжар, Ғ. Мүсірепов аудандарына қоқысты бөлек жинауға арналған 34 контейнер орнатылған. Ал Айыртау және Мамлют аудандарында қайталама шикізатты жинаумен жеке кәсіпкерлер айналысады.
«Радуга» серіктестігінде қоқысты сұрыптау желісі жұмыс істеп тұр. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 4 000 тоннаға дейін жетеді.
«Петропак» кәсіпорны жыл сайын 200-250 тонна қайталама полимерлерді өңдейді. «Грин парк Көкшетау» ЖШС пластикалық бөтелкелерді флекске қайта өңдеуді жүзеге асырады, кәсіпорынның жылдық қуаты жылына 3 000 тоннаға дейін жетеді.
Жыл сайын облыс аумағында 76 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz