Рамазан айы қарсаңында не істеу қажет?

Авторы: Qyzyljar News

Биыл қасиетті, берекеге толы Рамазан айы сәуірдің 2-сі күні басталады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мен наиб имамы Тойбазар Айтуған Оразаға қалай дайындалып, қасиетті айда қалай дұрыс құлшылық ету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылық пен сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың, бастысы нәпсіні тәрибиелейтін ай. Рамазан айлардың сұлтаны, мың айдан да қайырлы Қадір түні шоқтығы биік ай болып табылады.
Имамдардың сөзінше, ең алдымен мұсылмандар Раббысынан осы айға аман-есен жеткізуін, ораза ұстап, құлшылық ғибадат жасауға мүмкіндік беретін денсаулық тілейді. Сонымен қатар, Рамазан айына кірген адам міндетті түрде Алла Тағалаға лайықты түрде шүкір айту керек.

-Оразаға арнайы жоспар құру керек. Көпшілігіміз рамазанға қатысты лайықты жоспар құра алмағандықтан бұл айдың қалай өтіп кеткенін байқамай қаламыз. Рамазан айынының әр күнін, әр сағатын босқа өткізіп алмауымыз қажет. Жоспарыңызда намазға, Құран оқуға, білім алуға, ізгі амалдар жасауға, үзіліп кеткен байланыстарды қайта қалыпқа келтіруге орын болғаны дұрыс,- дейді облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz