Петропавлдық келіншек синтетикалық есірткілерді сатты деген күдікке ілінді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 21 жасар келіншекке синтетикалық есірткілерді сатты деген айып тағылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жас келіншектен психотроптық зат салынған, салмағы 4,81 грамм болатын 8 полимерлік түйіншек тәркіленді. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктінің синтетикалық есірткілерді сататын интернет-дүкенге қатысы бары анықталдып, қамауға алынды.

-Нашақорлық пен есірткі бизнесі жастардың тағдырына балта шабады. Ұсталған тұрғын 2018 жылдан наркологиялық есепте тұр. Осыған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, істі болған. Оған қоса 2019 жылы ата-ана құқығынан айырылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді,-деді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Жыл басынан бері полицейлер есірткі сатудың 14 фактісін тіркеді. Заңсыз айналымнан 16 килограмнан астам түрлі есірткі заты алынды.

Istock иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz