Жыл басынан бері СҚО полицейлері 200-ден астам мас жүргізушіні ұстады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық полицейлер бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған екі мас жүргізушіні ұстады. Наурыздың 21-і күні түнгі сағат 12-лер шамасында Есіл ауданы Явленка ауылының 26 жастағы тұрғыны масаң күйде «Hyundai Terracan» автокөлігін тізгіндеген. Оның былтыр 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

24-наурыз күні таңертең Ойқала ауданында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйде рөлге отырған тұрғынды тоқтатты. Оның Есірткі қолданғаны дәлелденді. Бұған қоса 35 жастағы петропавлдық былтыр 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.

-Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында жыл басынан бері 33 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9 адам қаза тапты. 45 адам дене жарақатын алды. 14 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталды. Сондай-ақ, полицейлер 201 мас жүргізушіні ұстады, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Istock иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz