Қазақстан Республикасының Президентіне қастандық жасамақ болған шетелдік агент ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Президенті мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агентін ұстады, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«25 наурызда ҰҚК қарсы барлау қызметі Нұр-Сұлтанда Қазақстан президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау агенті «А» деген Қазақстан азаматын ұстады», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Сондай-ақ күдікті  арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік акті жасауды жоспарлағаны белгілі болды.

Баспананы тінту кезінде одан шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі және ірі көлемде ақша тәркіленді. Қару Қазақстанға  бөлшек-бөлшекпен жасырын әкелінген.

6922f86c a131 43d7 bb09 68d9b85016a9

Алдын ала тергеу барысында күдікті   шетел мемлекетінің тапсырмасын орындағанын мойындады.

Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.

Фото ҰҚК-нен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz