431
Елімізде коронавирустың қарқыны қайтып келеді. Өткен тәулікте 11 адам COVID-19 жұқтырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алматыда 7 тұрғынның бойынан дерт анықталған. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Қостанай және Қызылорда облыстарында бір-бір жағдайдан тіркеліп отыр.
Республиканың қалған өңірлерінде ауру жұқтыру фактісі болған жоқ.
Жалпы елімізде індет басталғалы 1 305 199 адам коронавирус жұқтырды.
Istock иллюстрациялық фотосы