«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның бас директоры ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның бас директоры қамауға алынды. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Еске сала кетсек, наурызда жылу электр орталығының мұржасы опырылып түскен болатын. Орын алған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

-Сәуірдің бірі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның бас директоры Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ІІМ, облыстық прокуратура және полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деді баспасөз қызметі.

Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға бойынша Мемлекет басшысы Петропавл мен елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды. Апат салдарынан бір қызметкер қаза тапқан болатын. Сол күні 2-ЖЭО –ның директоры мен бас инженері қамауға алынды.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz