Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгерістер енгізбек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Министрліктің жобасы талқылауға шығарылды. Оның толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады.
«Жобаны қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының қызметтік киімі мен айыру белгілерін, сонымен қатар басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді», – делінген Қорғаныс министрлігі татарқан хабарламасында.
Бұл өзгерістің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де теріс салдары болмайтыны, әрі қосымша қаржы талап етілмейтіні айтылған.
Фото «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінен