2022 жылдың бірінші тоқсанында облыстық экология департаменті «Севказэнерго» АҚ санитарлық-қорғау аймағынан және «Қызылжар-Тазалық», «Дорожник» ЖШС полигондарының шекарасынан 56 сынама алып, зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамандар көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, оксид және азот диоксиді, бейорганикалық шаң-тозаң, фенол, формальдегид және күкіртсутектің нормадан асып кетпегеніне көз жеткізді.
– Талдау нәтижелері бойынша атмосфералық ауада аталған заттардың шамадан асып кету фактілері анықталған жоқ, – деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, департамент мамандары Есіл өзенінің қазіргі жағдайына мониторинг жүргізді. Жыл басынан бері экологтар 40 су сынамасын алды. Өзенге зиянды қалдықтар төккен фактілер кездескен жоқ.
Pexels иллюстрациялық фотосы