Петропавл қалалық әкімдігінде тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Спорт бөлімінің басшысы Данияр Жолдаспаевтың айтуынша, қалада спорт саласында ауқымды шаралар атқарылуда. Бүгінде Петропавлда 13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен 22 клубты қамтитын мектептен тыс жұмыс орталығы қызмет атқарады.
— Әлеуметтік тапсырыс аясында былтыр жазғы кезеңде қаланың шағын аудандарындағы 15 шағын футбол алаңында футболдан жаттығу сабақтары өткізіледі. Қалалық жағажайларда жағажай футболы мен волейболы бойынша турнирлер ұйымдастырылды, жүзу бойынша нұсқаушылар балалар мен жасөспірімдерді жүзуге үйретті. Сондай-ақ, стадиондарда фитнес бойынша жаттығулар өткізілді, — деп хабарлады бөлім басшысы.
Алайда, қала әкімінің ойынша, бұл жеткіліксіз. Ол алдағы уақытта жұмысты одан әрі күшейту керектігін атап өтті.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері каникул кезінде де жұмыс істеуі қажет, — деді Болат Жұмабеков.
Pexels иллюстрациялық фотосы