Солтүстік Қазақстанға да су тасқыны қаупі төнді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Төтенше жағдай мамандары өзен-көлдерге жақын орналасқан елдімекендерге су кіруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айыртау ауданындағы Бабық -Бұрлық және Ғ. Мүсірепов ауданындағы Ақан -Бұрлық өзендері арнасынан асып кетті. Күннің күрт жылынуынан қар еріп жатыр. Синоптиктердің болжамынша, бүгін солтүстікте ауа температурасы +18 градусқа дейін көтеріледі.

— Солтүстік Қазақстан облысындағы гидрологиялық жағдай 19 бекетте бақыланады. Оның 16-сы Есіл өзенінде орналасқан. Күн жылына бастағалы су деңгейін тәулігіне 4 рет тексереміз, — деді «Қазгидромет» АҚ СҚО бойынша филиалының инженері  Роман Гиричев.

Покровка және Новоникольск ауылдарында да Есіл өзені деңгейінің көтерілгені байқалады. Сергеев су қоймасы 76% толды. Өткен жылғы осы кездегі көрсеткіш 85% болатын. Қауіпті аймақтарда орналасқан 6 мыңнан астам тұрғыны бар 85 елдімекен бақылауға алынды.

Фото:  Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz