«Қызылжар су» серіктестігі 18 сәуірде жазғы су құбырын қосуға керекті құжаттарды қабылдай бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жазғы су құбырын қосу туралы келісім-шарт жасасу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
— Белгіленген үлгідегі өтініш;
— Меншік иесінің немесе жауапты тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
— Су тарату абоненттерінің тізімі;
— Өткен жылдардың шекараларын бөлу схемасы (болған жағдайда).
Тұрғындар Кировский даңғылы, 2 мекенжайына барып қосымша ақпарат ала алады. Немесе 53-59-96, 61-82-28 анықтама телефондарына хабарласуға болады.
Pexels иллюстрациялық фотосы