Қазақстандықтар тұратын мекенжайын банк қосымшасы арқылы тіркей алады

Авторы: Qyzyljar News

Енді ел тұрғындары тұратын жерін банк қосымшасы арқылы тіркей алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын полиция жұмысын цифрландыру аясында биылғы сәуір айынан бастап «Halyk home bank» мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің қанатқақты жобасы іске қосылды. Аталмыш қосымша арқылы азаматтар 5 минуттың ішінде тұрғылықты жері және уақытша тұратын жері бойынша тіркеле алады, — деді ішкі істер министрлігінің  баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «халықты тұрғылықты тіркеу» тармағын таңдап, тіркеу түрі мен мерзімін, қызмет алушының мәртебесіне қатысты жолдарды толтыру қажет.

Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлгі  азаматтарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жалғастырып жатқанын, қазіргі күні көрсетілетін 40 мемлекеттік қызметтің 38-і автоматтандырылғанын айтты.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz