Биыл жазғы сабақтар әдеттегі форматтан өзгеше өтеді деп жоспарланып отыр. Мысалы, математика, физика, ағылшын тілі және басқа да маңызды пәндер бойынша икемді оқу кестесі жасалып, сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде де ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жазғы мектеп уақытында 9 бен 11-сыныптың оқушылары емтихан тапсыратындықтан, олар аталған сабақтарға қатыспайды.
Қазақстан Республикасы БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, жазғы мектеп мамырдың 26-сы мен 17- нші маусым аралығында ұйымдастырылады.
-Жазғы мектепте оқушыларға баға қойылмайды әрі үй тапсырмасы да берілмейді. Жазғы уақыттағы оқу барынша қызықты әрі мазмұнды өту үшін барлық жағдай жасалады. Кейбір балалар репетиторлармен ақылы курстарға барып, қосымша білім алады, – деді Гүлмира Кәрімова.
Pexels иллюстрациялық фотосы