Петропавлда бизнес-жобаларды іске асыру үшін 150 грант беріледі

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы кәсіпорындарда маман тапшы. Қазіргі таңда құрылыс саласында 300 жұмыс орны бос, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Білікті мамандардың болмауына байланысты құрылыс саласы кадр тапшылығын сезінуде. Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековтің айтуынша, жұмыс берушілер 100 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін айлық ұсынып отыр. Соның өзінде жұмысшылар жетіспейді.

-Өткен жылы жазғы каникул кезінде 48 студент жұмыспен қамтылды. Олар құрылыс компаниялары мен коммуналдық кәсіпорындарда еңбек етті. Биыл құрылыс саласында 159 студент жұмыс істеуге ниет білдірді,-деді Болат Жұмабеков.

Былтыр өздерінің бизнес жобаларын жүзеге асыру мақсатында 204 адам мемлекеттік грантқа ие болды. Грант көлемі 583,4 мың теңгені құрады. Осы жылы қаржылай қолдау мөлшері 2 есеге, яғни 1,2 млн теңгеге дейін өсті. 150 адамға 183,7 млн теңге сомасында грант беруді жоспарлап отырмыз, — деді қала басшысы.

 Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz