Елімізге қай елдер ең көп инвестиция салатыны белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сай 2021 жылы Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция құйған елдердің үздік бестігі сол қалпы қалды. Олар: Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Ресей және Қытай. Аталған мемлекеттер 25%-дан 92%-ға дейін өсіммен көшбасшылықты сенімді түрде ұстап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл елдерден тартылған инвестициялар жалпы көлемнің 68,3% -ын құрайды.

— Бельгия инвестицияларды 35,1%-ке ұлғайтты. Яғни, Ұлыбританияны басып озып, 6-шы орынға тұрақтады. Корея Республикасы 73,2%-ға өсіріп, 9-шы орыннан 8-ші орынға көтерілді. Сонымен қатар, Түркия инвесторлары республикамызға инвестициялардың көлемін 87%-ке көбейтіп, 9-шы орынға жайғасты. Үздік ондықты Франция инвесторлары тұйықтады, — делінген министрлік ақпаратында.

Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 23,7 млрд АҚШ долларына жетті. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 37,7 процентке өскен.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, ел Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясатының тұжырымдамасы ESG (Environmental — қоршаған орта, Social — әлеуметтік сала, Governance and Prosperity — корпоративтік басқару және экономикалық өркендеу) стандарттарына сай әзірленіп жатыр.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz