Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Жалғыз Ресеймен ғана емес, басқа шекаралас елдермен де осы жағдай. Жекелеген аймақтарда эпидахуал әлі түсініксіз. Сондықтан біз жан-жақты қарастырып, барлығын ескереміз, — деді Ералы Тоғжанов.
Вице-министрдің айтуынша, коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай бұл мәселеде шешуші фактор болып табылады. Сондықтан екі ел арасында құрлық жолдары арқылы қатынайтындар үшін шектеулер сол қалпында қалады.
фото: Қазақстанның Ресейдегі бас консулдығынан