Облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков Тоқшын мектеп – гимназиясы апатты деп танылмағанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Оқу жылы басталмас бұрын мектептің жай-күйі тексеріліп шықты. Дегенмен, ешқандай олқылықтар білінбеді. Шатыры құлап түседі деп ешкім ойлаған да жоқ. Білім ошағын қабылдаған комиссия құрамында құрылыс саласының мамандары болмаған. Орын алған оқиғадан кейін құрамға аталған саланың өкілдері тартылады,-деді Нәзір Жәшібеков.
Аты-шулы мектептің іргетасы сонау 1963 жылы қаланған. 2 жылдан кейін мекеме алғашқы оқушыларын қабылдады. Аққайың аудандық білім бөлімінің мәліметінше, былтыр 12 млн теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жүргізілген . Енді биыл оқу ордасына күрделі жөндеу жасау жоспарланып отыр.
фото: ашық дереккөздерден