Солтүстік Қазақстанды Ресейдің көршілес облысымен байланыстыратын 60 шақырымдық жолды жөндеу туралы шешім 2017 жылы қабылданды. Алайда арада 5 жыл өтсе де, жүргізушілер шұрық-тесік жолдың машақатын әлі тартып жүр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
2020 жылы Петропавлдан Мамлюткаға дейінгі тасжолға асфальт төсеу үшін 13 миллиард теңге жұмсалды. Аудан орталығынан шекара бекетіне дейінгі аралықта жұмыстың 50%-ы орындалған. Автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператор филиалының мәліметінше, құрылыс материалдары бағасының өскеніне байланысты іс соңына дейін жеткізілмеді. Мердігер сметалық құнын ұлғайту үшін сотқа жүгінген. Әзірше бұл жұмыстың қашан жалғасатыны белгісіз.
фото: ашық дереккөздерден