Петропавлда 1 мамырдан бастап саяжай маршруттарының электронды билеттері пайда болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Былтыр жолаушы тасымалының сапасын жақсарту үшін 100 жаңа автобус сатып алынды. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілді.
— Электрондық жүйені енгізу қалалық қоғамдық көліктердегі нақты жолаушылар ағынын анықтауға мүмкіндік берді. Егер 2020 жылы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін қоғамдық көлік қызметін электронды билетпен 4,6 миллион адам пайдаланса, 2021 жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 90,3 миллион адамды құрады. Осыны ескере отырып, 1 мамырдан бастап қала маңындағы маршруттарға электронды билеттеуді енгізу туралы шешім қабылданды, деді Болат Жұмабеков.
Pexels иллюстрациялық фотосы