Солтүстікқазақстандық полицейлер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысына бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан, 11 адам қаза тауып, 50-і түрлі жарақат алған. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 16169 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1931 жүргізуші жылдамдық режімін бұзған, 73 –і көлік жүргізуге рұқсаты болмаса да рөлге отырған. Сонымен қатар, 229 мас жүргізуші ұсталды.
-Күн жылынысымен балалар да далаға жиі шыға бастады. Сондықтан, жүргізушілерді аулаларда, көшелерде барынша сақ болуға шақырамыз. Өйткені балалар қастарынан өтіп бара жатқан көлікті байқамай қалулары мүмкін, — дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен