Турнир облысымыздың бокс жаттықтырушыларын еске алу мақсатында 5-інші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Республикалық турнир есімі елге етене таныс талантты жаттықтырушы Геннадий Сутуловтың құрметіне арналған. Чемпионаттың ашылуына оның тәрбиеленушілері де қатысты. Жыл сайын дәстүрлі турнирге 13 пен 14 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады.
Ал биыл Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласының және біздің облыстағы спорт мектептерінен жиналған 120-дан астам бала бақ сынайды.
-Турнирге тәжірибелі боксшылармен қатар спортқа енді ғана қадам басқандар да қатысып жатыр. 120 адам 18 салмақ дәрежесінде сайысқа түседі. Әзірге Нұр-Сұлтан мен Петропавл қаласының командалары өздерінің мықтылығын көрсетуде,- дейді бас төреші Ерболат Әшімов.
Pexels иллюстрациялық фотосы