СҚО-да 2022 жылдың бірінші тоқсанында азық-түлік қаншаға қымбаттағаны белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында СҚО-да инфляция деңгейі 5% — ды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Азық — түлік тауарларының бағасы 8,7% — ға, азық-түлік емес тауарлардыкі 3,7% — ға өсті, ақылы қызметтер 1,1% — ға қымбаттады.

Әсіресе, пияз – 63%, қызылша – 37%, қырыққабат пен картоп – 12%-ға қымбаттады. Қант бір айдың ішінде 26%-ға шарықтап кетті. Аз ғана уақыттың ішінде солтүстікқазақстандықтар 30 тоннасын сатып алған.
Сонымен қатар, жоғары сұрыпты ұнның, кейбір жармалардың, сүт өнімдерінің, ет пен жұмыртқаның, алма, алмұрттың да құны қымбаттады.

Бірінші тоқсанда автомобильдер — 8%-ға, жууға және тазалауға арналған заттар — 3,7%-ға, киім мен аяқ киім 2,3%-ға өсті. Сұйылтылған газдың құны 16,8% — ға төмендеді. Пошта қызметтері 14% — ға қымбаттады. Тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша қызметтердің құны 9,9% — ға, сақтандыру қызметтерінің құны 9,8% — ға өсті. Жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу 8,5% — ға қымбаттады.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz