Қазақстандықтарға құжаттарының мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама келеді

Авторы: Qyzyljar News

Жеке және жүргізуші куәлігінің жарамдық мерзімі аяқталуына 30 күн қалғанда қазақстандықтарға SMS-хабарлама келеді. Хатты алғаннан кейін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мұндай хабарлама алу үшін азаматтар «электрондық үкімет» порталындағы «жеке кабинетінде» (eGov.kz) ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуі керек.

-Бұл жаңашылдықты енгізу ең алдымен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алуға, және айыппұл төлемеуі үшін қолға алынған іс,-делінген ҚР ІІМ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының хабарламасында.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz