Биыл Жаңажол ауылында су құбыры іске қосылады

Авторы: Qyzyljar News

Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында өткен кездесуде тұрғындар ауыз су мәселесін көтерді. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметованың айтуынша, қазіргі уақытта су құбырын жүргізу үшін қаржы түскенін күтуде. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылғы биыл іске қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мирное ауылының тұрғындары ұялы байланыстың нашарлығына да шағымданды. Бұл мәселеге мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі мүшелерінің өздері де көз жеткізді. Проблеманы шешу үшін Петровка ауылында телебаған орнату жоспарланып отыр. Содан кейін байланыс провайдерлеріне жалға беріледі.

Сергей Болдырев болса жыл сайын көктем мен күзде Мирное ауылына тиіп тұрған Айымжан мен Новорыбинкаға әрең жетеді. Партия өкілдері күрмеулі мәселені шешу үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хабарласты.

-Бұл учаскенің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Біз бюджеттік өтінім бердік, жазда қаржы бөлініп қалуы әбден мүмкін. Егер өтінішіміз мақұлданса, жолды жөндеу жұмыстарын қолға аламыз, — деді басқарма басшысының орынбасары Қанат Бейсенов.

Жамбыл ауданындағы кездесуде «AMANAT» партиясының СҚОФ мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесіне 27 тұрғын жүгінді. Ауыл тұрғындары партиялықтарға жер бөлу, әлеуметтік нысандарды жөндеу, автобус маршрутын ұйымдастыру және басқа да мәселелерді көтеріп отыр. 5 пролема сол жерде шешілді. Қалған сұрақтар бойынша кеңестер берілді, олардың біразын партия мүшелері бақылауға алды.

Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz