Көлік апаты 10 сәуір күні Петропавл-Жезқазған тас жолында болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«ВАЗ-2120» және «Toyota Avensys» автокөлігі соғылып қалған. Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, 7 адам зардап шекті. Екі машинаның жүргізушісі мен 5 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-ыншы бабы, яғни көлік жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіріп жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан ереже бұзу фактісі бойынша материал жиналды.
Фото: ашық дереккөздерден