Іздеуде жүрген қылмыскер кездейсоқ ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Шал ақын ауданында патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан көліктің жүргізушісі мас болған. Тексеру барысында оның іздеуде жүрген қылмыскер екені анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданының 27 жастағы тұрғыны таксиге жолаушы ретінде отырған. Жол үстінде жүргізушінің тілін тауып, рөлге ие болған. Өзінің автомобиль жүргізу құқығы да жоқ болып шықты. Аудандық сот шешімімен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша: біреуіне көлікті мас күйде жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алу, екіншісіне рөлге мас адамды отырғызғаны үшін 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

-Аталған азамат шартты-мерзімінен бұрын босату режімін ұдайы бұзғаны үшін пробация қызметі желісі бойынша іздеуде жүр. Бұдан бөлек, 3 алаяқтық бойынша полиция қызметкерлерінің күдігіне іліккен. Тергеу оның басқа да қылмыстарға қатысын тексереді,-деді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Мұхамбетжанов.

Жалпы жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер 14 қылмыскерлерді іздеп тапты.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz