Петропавлда 50 жеке үй тұрғын үй сырылады

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Петропавлдағы «Қопай» шағын ауданындағы құрылыс жұмыстары басталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жайында қала әкімі Болат Жұмабеков мәлімдеді.

— Биыл «Қопайда» жоспарланған 27 көпқабатты үйдің 9-ының құрылысы басталады. Үйге жердің жартысын сатып алдық. Бір-екі аптадан кейін біз екінші бөлігін сатып аламыз. 23 үйдің орнына іргетас құйылады. Тағы 23-24 үйдің орнында алаң болады. Коммерциялық құрылыс үшін 35 үйді бұзу керек. Осы жылы 9 қабатты үйлердің құрылысын қолға аламыз. 7,8,9 қабатты баспаналар да бой көтереді, — деді Болат Жұмабеков.

Петропавл қаласының әкімі үйлері сырылған тұрғындарға жаңа баспана немесе оның орнына ақша берілетінін атап өтті.

-Үйдің шаршы метрінің бағасы 300 мың теңгеден аспауы керек. Біз қымбат пәтер сатып ала алмаймыз. Бұл ең төмен баға. Осыған дейін 2 конкурс жарияладық, бірақ әлі ұсыныс түскен жоқ, деді қала әкімі.

Көп қабатты үйлерден бөлек «Қопай» шағын ауданында 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп, 240 орындық балабақша және емхана салынады.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz