Ғарышты бағындырған солтүстікқазақстандықтар

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін, яғни 12 сәуір – адамның ғарышқа тұңғыш рет жол салған күні. Сол уақыттан бері бұл күн ғарышкерлер мен авиация күні ретінде аталып келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Адамзаттың ғарықша сапары қазақ жерінен басталғаны зор мәртебе. 1961 жылдың 12 сәуірінде кеңес ғарышкері Юрий Гагарин «Восток» кемесімен алғаш рет жер орбитасын айналып ұшты. Бұл сапар 1 сағат 48 минутқа созылды.

Ал Қазақстаннан ғарышқа экспедициялық сапармен 1991 жылы Тоқтар Әубәкіров барып, сол жақта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Қазақстан шыққан екінші ғарышкер – Талғат Мұсабаев. Ол ғарышқа үш мәрте көтеріліп, 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд болып қайтты. Ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болғаны үшін Талғат Мұсабаев Гиннестің рекордтар кітабына енді. Одан кейін ғарышта Айдын Айымбетов те болып, ел мерейін асқақтатты.
Ғарышқа ұшқан 600 адамның екеуі – солтүстікқазақстандық. Жерластеріміз Владимир Шаталов пен Александр Викторенко да комсмосты бағындырған ерлердің қатарында.

Владимир Шаталов Петропавлда дүниеге келген. Ол Кеңес одағының екі мәрте батыры, авиация генералы. Владимир Шаталов кеңестік №13-ші ғарышкер және әлемдегі 34-ші космонавт. Алғаш рет 1969 жылдың қаңтарында «Союз Т-4» кораблінің командирі ретінде ғарышқа ұшты. Екінші рет дәл осы жылдың қазан айында «Союз-8» кораблінің командирі, үшіншісінде 1971 жылдың сәуір айында «Союз-10» кораблінде аттанды.
Ал Шал ақын ауданының тумасы Александр Викторенко «Мир» орбиталық станциясына 4 рет барып қайтты. Кеңес одағының батыры, Ресей әуе күштерінің полковнигі әуе кеңістігін бірінші рет 1987 жылы бағындырды. Жерлесіміз ғарышта 1 жыл 124 күн болды. Бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейінде қос ғарышкер жерлесіміздің ерлігі жайлы сыр шертетін құнды жәдігерлер сақтаулы. Тіпті, Александр Викторенконың жаттығу костюмі де келушілер назарына ұсынылған.

Иллюстрациялық фото

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz