Петропавлдық полицейлер дүкен тонаған қарақшыны ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сәтпаев көшесіндегі «Военторг» дүкеніне қара түсті медициналық бетперде киген адам кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып кассадағы ақшаны алып кеткен. Жәбірленушінің арызынан кейін Петропавл қалалық ПБ 2-нші бөлімінің жедел-тергеу тобы бірден іске кірісті. Бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктінің бар маршруты анықталды. Келесі күні, 29 наурызда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті Қызылжар ауданының Белое ауылында ұсталды. Ол жуырда ғана жазасын өтеп шыққан 23 жастағы Есіл ауданының тұрғыны болып шықты. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Шығын соммасы 12 жарым мың теңгені құрады. Пышақ тәркіленіп, күдікті қамауға алынды.
Фото: ашық дереккөздерден