Петропавлдық оқушылар мен студенттер IT-бағдарламалау бойынша «Хакатон»-ға қатысты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы Оқушылар сарайында Ғылым күніне орай «Хакатон» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Хакатон — бұл бағдарлама әзірлеушілерге арналған бірегей білім беру, жобалау және коммуникациялық форум. Шараға қатысушы оқушылар 24 сағатын Оқушылар сарайында өткізіп, берілген тапсырмаларды орындады. Бұл үшін орталықта арнайы жұмыс орны мен демалу орны дайындалды.

Петропавлдық оқушылар мен студенттерге «Интегро» компаниясының тапсырмаларын орындауға 1 тәулік уақыт берілді.

-Ғылым сайысына 50-ге жуық адамнан тұратын 24 топ қатысты. Тапсырмаларды «Интегро» компаниясы жіберді. Тәулік бойы әзірленген жобалардың ішінде үздік деп танылғаны ақшалай сыйақыға ие болады,-деді Оқушылар сарайының директоры Дина Әбілмәжінова.

Аталмыш жобада Петропавл мектептерінің оқушылары, сондай-ақ колледждер мен университеттің 16- 19 жас аралығындағы студенттері бақ сынады.

Фото: Дина Әбілмәжінованың Facebook парақшасынан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz