Денсаулық сақтау министрі СҚО-дағы медициналық нысандардың жұмысымен танысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

14 сәуірде Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният СҚО-да болды. Қызылжар ауданының Знаменское ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барып, нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министр медицина қызметкерлерімен әңгімелесті, олардың жағдайлары, еңбекақысы, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелерін көтерді.

Айта кету керек, СҚО-да алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсететін 530 нысан жұмыс істейді, бұл еліміздегі алғашқы медициналық көмек ұйымдарының 10% — ға жуығы. Оның ішінде қалада барлығы 4 нысан орналасқан, 526-сы ауылдарда. Бұл мекемедерге тиісті ғимраттардың 74,8 пайызы тозған.
Денсаулық сақтау министрі жергілікті атқарушы органдардың назарын ауылдағы медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жақсарту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ауылдарда 187 дәрігер жетіспейді.

— Жергілікті бюджет есебінен студенттер мен медицина қызметкерлерін оқытуға қаражат бөлуді, тұрғын үй беруді және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын, сараланған еңбекақы төлеуді қолдануды қоса алғанда, жас кадрларды ауылда орнықтыру үшін мотивация жасау қажет, — деп атап өтті Министр.

Фото: облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz