Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы шаралар тізіміне қосымша пункттер қосты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz. тілшісі.
Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспары адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету, мүгедек азаматтарға қатысты адам құқықтары, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою, бірігу бостандығы құқығы, еркін пікір білдіру құқығы, адамның өмір сүру құқығы және қоғамдық тәртіп, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, қылмыстық сот төрелігі, азаптауларды және қатыгездіктің алдын алуды көздейді.
Жарлық күшіне енді. Президент әкімшілігі оның орындалуын бақылайтын болады.
Фото: akorda.kz