Солтүстік Қазақстан облысының орталығында 200 мыңнан астам адам тұрады. Петропавлда теңіз, шаңғы курорттары жоқ. Алайда, демалыс күндері уақытты тиімді өткізуге арналған орындар жеткілікті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
“Құлагер” ипподромында атқа мініп, серуендеуге болады. Бұл терапия денеңізге оң әсерін тигізіп, мазасыздықтан арылуға көмектеседі. Жүйке жүйесін де ретке келтіреді. Ипподромда тұрғындар достарымен, бүкіл отбасымен демала алады.
Ал жануарларды қорғау орны күйбең тіршіліктен алыстап, жүйкені тыныштандыруға арналған мекендердің бірі. Ғалымдардың пікірінше, жануарларды сырттарынан бақылау стресс деңгейін төмендетеді және мазасыздықтың алдын алады. Жақында Петропавлда Қазақстан бойынша алғаш рет жануарларға арналған еуропалық деңгейдегі баспана ашылды. Сондай-ақ, мұнда үй жануарларын әкеліп, жаттықтыруға болады.
Петропавлдықтар үшін йога да қолжетімді. Бұл демалыс түрі адамның энергиясын арттырып, көңіл-күйді көтеруге септеседі.
Тынығатын орындардың қатарын қаладағы кинотеатрлар толықтырады. Петропавлда тұрғындар үшін «Қазақстан», «Атлас», «Синема паркі» және «Ударник» кинотеарларының есіктері ашық.