СҚО-да Сергеев су қоймасы 92% — ға толды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО өзендерінде мұз әлі еріп жатыр. Кейбір көлдерде енді ғана жібіп, қозғала бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, Крещенка ауылының маңында Есілдің жағасында әлі мұз тұр. Тоқсан би ауылының жанында су деңгейі өткен тәулікте 46 см-ге түсті. Үлкен Торанғұл өзенінде су деңгейі өзгеріссіз, 310 см-ді құрайды. Долматова ауылының қасындағы гидробекетте су 9 см-ге төмендеп, 501 см-ді көрсетіп тұр.

Петропавлда 2 см-ге төмендеді. Жалпы, облыс бойынша өзендердегі су бір тәулікте 10 см-ге дейін түсті. Сергеев су қоймасында тәулігіне 41 см-ге көтеріліп, 750 –ге жетті. Қоймадағы су көлемі 636 млн текше метрді құрап, 92% — ға толды. Қазіргі күні мұнда секундына 13,4 текше метр су ағып жатыр.

Су деңгейі мен мұздың бұзылуын 19 гидробекетте бақылап отыр. Оның 16-сы Есіл өзенінде.

Фото: world-nan.kz 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz