СҚО полицейлері: 16 жасқа толмаған балаларға скутер мен электросамокат жүргізуге рұқсат жоқ

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық полицейлер мотоцикл мен скутер жүргізушілеріне жолда жүру ережелерін сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдық мотоцикл жүргізушілері, әсіресе түнде тұрғындардың мазасын алатыны жасырын емес. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс күндері сағат 22.00-ден кейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден кейін тыныштықты бұзуға болмайды. Заңды бұзғандарға 5 АЕК айыппұл салынады.

-Мотоциклшілер белгіленген жылдамдықты асырып, маневр жасау қағидаларын жиі бұзады. Кез келген ереже бұзу жол-көлік апатына әкеліп соғуы мүмкін. Екі дөңгелекті көліктің жүргізушілері маневр жасағанда, бұрылғанда, басқа жолаққа ауысқанда жол қозғалысының басқа қатысушыларына көрінетіндей белгі беруі тиіс. Ал ереже бұзғандарға айыппұл қарастырылған. Жүргізуші де, жолаушысы да шлем киюі тиіс,-дейді СҚО жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Тәртіп сақшылары велосипедке 14 жастан бастап қана мінуге болатынын айтты. Қозғалтқыш көлемі 50 текше метрден көп емес скутерді және оларға теңестірілген электрсамокаттарды 16 жастан басқаруға болады. Жүргізуші куәлігі болуы міндетті емес. Десе де, жас жүргізушілер жолда жүру ережелерін білуі тиіс.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz